7 қазан күні Yessenov University-де «Жастар арасында банктік қарызды болдырмаудың өзекті мәселелері» аясында Маңғыстау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Тиленбаев Айзат Жайлауович, Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Турсынгалиев Ержан Турсынгалиевич, Маңғыстау облысы әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қартбаева Жария Бекболқызымен кездесу өтті.
Қазіргі уақытта қарыз алудың зардабын, оның міндеттемелері, борышкердің жауаптылығы талқыланды. Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істермен танысты. Жастарға банктік қарызды болдырмау және алдын-алу жолдарының тиімділігін талдады.