18.12.2025
🔉Yessenov University-де Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған делегацияны қабылдау өтті. Кездесу аясында білім, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша мазмұнды диалог жүргізілді🇰🇿🇫🇷
Тараптар жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағытына айрықша назар аударып, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын және академиялық алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Әңгіме барысында Францияның әлемдегі жетекші теңіз державасының бірі екені, ерекше экономикалық аймағының көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұратындығы атап өтілді. Осыған байланысты теңіз саласындағы француз жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Теңіз академиясымен әріптестікті тереңдетуге өзара қызығушылық білдірілді⚓️
Кездесуде сондай-ақ тұрақты даму, «жасыл» энергетика, жасыл сутегі, өсімдік және мал шаруашылығы, баламалы энергия көздерін пайдалану салаларындағы серіктестік келешегі қарастырылды. Бұл тұрғыда орнықты ауыл шаруашылығы мен жасыл энергетикаға маманданған Францияның CIRAD ғылыми-зерттеу институтымен ықпалдастық әлеуеті ерекше атап өтілді🧪
Француз делегациясына Yessenov University қабырғасында іске асырылып жатқан 01Edu инновациялық білім беру платформасы таныстырылды. Николя Садирак негізін қалаған бұл халықаралық модель École 42 тәжірибесіне сүйеніп, білім алушылардың 100% практикалық, жобаға және командаға негізделген оқу үдерісіне қатысуын көздейді. Университеттің осы модельді бейімдеу және енгізу тәжірибесі француз тарапынан үлкен қызығушылық туғызды, оны әрі қарай халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және үздік тәжірибелерді кеңінен тарату үшін маңызды алаң ретінде қарастыру мүмкіндіктері талқыланды✅
____________________________________________
🔉Yessenov University принял делегацию Французской Республики во главе с Чрезвычайным и Полномочным Послом Франции в Республике Казахстан Сильваном Гиоге. В ходе визита состоялся содержательный диалог о расширении двустороннего сотрудничества в сфере образования, науки и новых технологий🇰🇿🇫🇷
Особое внимание на встрече было уделено взаимодействию в области новых технологий и искусственного интеллекта, а также перспективам совместных образовательных программ, научно-исследовательских проектов и академической мобильности. Было отмечено, что Франция является одной из ведущих морских держав мира и занимает второе место по величине исключительной экономической зоны, уступая лишь США. В этой связи стороны выразили заинтересованность в продолжении и укреплении сотрудничества с морскими университетами Франции, включая развитие партнёрства с Морской академией⚓️
Значительная часть обсуждения была посвящена вопросам устойчивого развития и «зелёной» энергетики: перспективам сотрудничества в области зелёного водорода, растениеводства и животноводства, а также использования альтернативных источников энергии. В данном контексте был особо отмечен потенциал взаимодействия с французским научно-исследовательским институтом CIRAD, работающим в сфере устойчивого сельского хозяйства и зелёной энергетики🧪
В рамках визита Yessenov University представил свою деятельность по внедрению инновационной образовательной платформы 01Edu — международной концепции, основанной Николя Садираком, сооснователем и бывшим деканом École 42. Данная модель обучения ориентирована на полностью практико-ориентированный, проектный и командный формат, предусматривающий активное участие студентов в решении реальных задач. Опыт Yessenov University по адаптации и применению этой модели вызвал большой интерес у французской делегации как с точки зрения её эффективности для подготовки кадров, так и с позиции потенциала дальнейшего международного академического сотрудничества и тиражирования лучших практик✅
#yessenovuniversity