School Skills

17 ақпан күні «Бизнес және құқық» факультеті және «Каспий кәсіпкерлік» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдық мерекесіне орай «School Skills» студенттердің дағдыларын дамыту мектебінің ашылуының TED–х форматында диалог алаңы өтті.

Спикерлер: Арман Ақбердиев- Бизнес тренер, Нұр-Сұлтан қаласы. Ridley Lesly – Business coach & consultant companies and industries (UK, London). Сартбаева Әсем – Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы басшысының орынбасары, «Маңғыстау» телеарнасының редактор-жүргізуші. Тапеков Серік- Kaspi.kz аймақ басшысы «Жастар кадрлық резерві» жобасының жеңімпазы. Оралбай Мұқаш- Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары қатысты. 

Шара жоғары деңгейде өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, қызығушылық танытылды. Барлық сұрақтарға спикерлер толыққанды жауаптар берді.