Электронды өтініш беру үшін yu.edu.kz сайтына кіріп, «Жатақхана» қапсырмасында «Тапсырыс беру» тетігін басу керек. Ашылған беттегі электронды «Өтініш» толтырылады және «Құжаттар» тармағындағы атаулар бойынша қажетті құжаттар фотоға түсіріліп, салынады.
Электронды өтінішке қоса электронды тіркелетін құжаттар тізбесі:
ҚР азаматтары үшін:
1) білім алушының жеке төлқұжатының көшірмесі (екі беті анық түсірілген болу тиіс);
2) Есенов Университетінде оқитыны туралы анықтама (тіркеу бөлімінен алынады);
3) тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжат (egov.kz порталында жеке кабинетінде өзінің ЭЦҚ-мен немесе ата-анасының ЭЦҚ-мен алады);
4) төлемдер жасалған түбіртектер (тұру ақысы және депозит, төлемдер Сбербанкте жасалады);
5) ПЦР тест қорытындысы (тіркелген медклиникадан тегін өтеді, жарамдылығы 3 күн ) және санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама (университет медициналық кабинетінен алынады, 1 қабат).
⠀
Шетел азаматтары үшін:
1) білім алушының жеке төлқұжаты;
2) уақытша тіркеуге тұрғаны туралы анықтама (миграциялық полиция басқармасынан);
3) ЖСН куәлігінің көшірмесі;
4) Есенов Университетінде оқитыны туралы анықтама (тіркеу бөлімінен алынады);
5) төлемдер жасалған түбіртектер (тұру ақысы және депозит, төлемдер Сбербанкте жасалады);
6) ПЦР тест қорытындысы және санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама (университет медициналық кабинетінен алынады, 1 қабат).
⠀
2-3 сағаттан кейін білім алушы сол тапсырыс берілген жерде «Проверить статус» тетігін басып, өтінішінің қабылданған-қабылданбағанын тексеруі қажет. Қабылданбаған өтініштің себебі оларға көрініп тұрады.
Жатақханаға орналасу үшін әлеуметтік бөлімге (11-06 бөлме) келіп, тұруға Келісім-шарт жасайды, жолдама алады.