Пәннің мақсаты 3D үлгідегі объектілердің моделін және 3D анимация жасау технологияларын үйрету. Оқу курсында 3D объектілерді модельдеу, стандарт және күрделі примитивтерді жасау, лофтинг денелерін қалыптастыру, модификаторларды қолдану, 3D сценаларды визуализациялау, 3D анимация жасау, материалдар мен камераларды баптау, проекция терезесінің конфигурациясы тақырыптары қамтылған. Пән модельдеудің заманауи технологияларының мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған.
3D үлгілеуге арналған бағдарламалардың функционалдық ерекшеліктерін, 3D графиканың негізгі бағыттары мен түрлерін, 3D объектілерді құрудың, виртуалды объектілерді модельдеудің негізгі әдістерін, виртуалды әлемді анимациялау әдістерін және виртуалды әлемде шынайы графикалық бейнелер мен жарнамалық роликтер құру әдістерінің тиімділігін атайды; виртуалды көріністердің шынайы бейнелерін алу, бейнероликтер жасау, виртуалды шындық форматында сахналарды экспорттауды түсінеді; үшөлшемді графикалық ақпараттарды өңдеу үдерісінде қолданылатын графикалық редакторларда жұмыс істеу үшін қазіргі заманғы АКТ тиімді қолданады; үшөлшемді көріністерді, жеке объектілер мен сахналарды құра алады және анимацияларды жасайды.