Мақсаты: ғылыми зерттеулерді, эксперименттерді қою бойынша білімді қалыптастыру; ғылыми ақпаратты өңдеу және әртүрлі әдістерді зерттеу
Міндеті: ғылымға қатысты негізгі ұғымдар, ғылыми зерттеулер түрлері туралы түсінік алу.
Қысқаша мазмұны: ғылыми зерттеулерді жоспарлау негіздері, эксперименттерді жоспарлау негіздері, зерттеу әдістері және физикалық-химиялық факторлар, ғылыми шығармашылықтың жалпы әдіснамасы, Ғылыми жұмыстың қолжазбасымен жұмыс.
Курс соңында студент:
-ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру,қаржыландыру, жоспарлау және орындаудың негізгі түрлерін түсіндіреді;
– ғылыми жұмыстарды дайындау жүйесі мен тәртібін бағалайды;
– ғылыми зерттеулер жүргізу әдістерін және жеке жұмыстың тиісті техникасын бөледі;
– қоғамда және кәсіби ортада ғылыми жұмыс нәтижелерін ұсыну коммуникативтік дағдыларын көрсетеді