Пәннің мақсаты: магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұнай дисперсиялық жүйелердің физика-химиялық механикасының негіздері, көмірсутек шикізаттарының физикалық және химиялық айналуының термодинамикасы туралы қажетті қазіргі заманғы білімді игереді.
Пәннің міндеттері: мұнай дисперсиялық жүйелердегі фазалық айналудың физикалық-химиялық процестердің жалпы жылдамдығына және алынатын мұнай өнімдерінің сапасына әсер ететін ғылыми-практикалық негіздерін оқып үйрену.
Пәннің қысқаша мазмұны: “Мұнай өңдеу коллоидты-химиялық негіздері” курсы білім алушылардың мұнай дисперстік жүйелердің негіздері туралы заманауи білімді меңгеруге негізделген.
Курс соңында студент:
– мұнай дисперсиялық жүйелерін анықтайды; дисперсиялық ортаның құрылысы мен қасиеттерін түсіндіреді,
– механикалық қасиеттерді сипаттау тәсілдерін жіктейді; реология негіздерін талқылайды; мұнай жүйелеріндегі жергілікті түзілімдерді талдайды; молекулааралық өзара іс-қимылды бағалайды,
-мұнайды өңдеудің коллоидты-химиялық аспектілерін және артықшылықтарын сыни бағалайды, ҚҚС қасиеттерін алу және реттеу тәсілдерін әзірлейді; мұнай эмульсияларының бұзылу механизмін бағалайды; ҚҚС-ты Зерттеудің физикалық-химиялық әдістерін бағалайды,
– мұнайды өңдеудің коллоидтық-химиялық аспектілері бойынша мәселені, мақсат пен сұрақтарды тұжырымдайды.