Пәннің мақсаты: ТЖ АЖЖ саласында білімді қалыптастыру.
Курс соңында магистрант:
– стандартты пакеттер мен автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып техникалық объектілер мен технологиялық процестерді моделдеуді бағалайды, нәтижелерді өңдеу және талдаумен берілген әдістемелер бойынша эксперименттер ұйымдастырады;
– техникалық тапсырмаларға сәйкес машина жасау конструкцияларының бөлшектері мен тораптарын жобалау кезінде жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын қолдануды түсіндіреді;
– машина жасау өндірісін технологиялық қамтамасыз ету әдістері, құралдары мен жүйелерін дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін талдайды, машина жасау өндірісінің автоматтандырылған процестерін технологиялық дайындау кезінде жүйелерді қолданудың практикалық дағдыларын бағалайды;
– компьютерлік техниканы пайдалана отырып, технологиялық процестердің математикалық модельдерін құру және зерттеу әдістерін қорытады; технологиялық жобалаудың әртүрлі кезеңдерінің есептерін формалдау дағдыларын жинақтайды, ТП АЖЖ әзірлеу және пайдаланудың прогрессивті әдістерін таңдайды.