B19.009

Валюталық операциялар

Course ID
B19.009
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: студенттерге әлемдік валюта жүйесі мен валюта нарығын, әлемдік рыноктағы қаржы және несие қызметін қалыптастыру және дамыту бойынша іргелі білім беру, валюталық, несие және қаржы саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың негізгі ережелері мен терминдері, әлемдік валюта нарығында және қазақстандық валюта нарығында жүзеге асырылатын валюта операцияларын жүргізу техникасы туралы білім беру. “Валюталық операциялар” пәні студенттерге сыртқы валюталық есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асырудың базистік негіздерін, сыртқы сауда операцияларын, шетел валютасындағы кассалық, конверсиялық, валюта айырбастау мәмілелерін және жедел форвардтық валюталық келісім-шарттарды жүргізудің базистік негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқыту нәтижелері

-валюталық нарықтың жұмыс істеуінің және валюталық операцияларды жүзеге асырудың теориялық негіздерін түсіндіру;
-бюджеттік, салықтық, валюталық қатынастарды реттейтін нормаларды қолдану;
– валюталық нарықтың даму үрдісін талдау;
-кейіннен қозғалыс бағыттарын айқындау және Мемлекеттік валюта саясатының тиімділігін бағалау үшін валюталық бағаммен байланысты нарық индикаторларын салыстыру;