Мақсаты: тірі организмдерге экологиялық факторлардың әсері мен өмір сүру жағдайларының, белгілерінің түсінігін қалыптастыру.
Міндеті: курс экологияның заңдарын, популяцияның өсуі мен дамуын, сондай-ақ экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі түрлерін зерттеуге бағытталған.
Қысқаша мазмұны: Экожүйедегі жануарлардың консументтер рөліндегі маңызы және экологиялық әртүрлілік.
– биологиялық әртүрлілік түрлерін және олардың экологиясын атайды;
– флораны, фаунаны және тірі организмдердің реттілігін зерттеудің практикалық дағдыларын көрсетеді; биосферадағы өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің рөлі туралы көзқарасты қалыптастырады;
– жердегі өмірдің алуан түрлілігі, тірі ағзалардың жіктелуі, олардың өмір сүруін ұйымдастыру және ұйымдастыру деңгейі туралы білімдерін көрсетеді;
– экология саласында ғылыми, өндірістік және практикалық міндеттерді шешуде алған білімдерін қолданады;
– әртүрлі топтар мен қоршаған орта түрлері арасындағы байланыс бойынша білімді қалыптастырады.