Пән жерге орналастыру және агроландшафтындағы антропогендік өзгерістердің ландшафтық жағдайларын есепке алу және бағалауда, жер ландшафтының ерекшеліктерін қолдану, табиғи ландшафт құрылымы, ландшафт компоненттері және олардың өзара байланысы, ландшафт принциптері, сәулеттік және жобалық кредит беру, арт-парк өнерінің көркем-тарихи бағыты, дизайн, қала белгілерін безендіру, ландшафтық дизайнерлік тәсілдерді қолдануға бағытталған.
Курс аяқталған соң студент:
– жердің ландшафтты сферасының ерекшеліктерін, табиғи ландшафт құрылымын, ландшафтты компоненттер мен олардың өзара байланысын, ландшафтты дифференциация, антропогенді ландшафттың жіктелуін, Қазақстандағы агроландшафт ерекшеліктерін, аумақты ұйымдастыру кезіндегі ландшафтты тəсіл қағидаларын біледі.
– жерге орналастыру мақсатында ландшафтты жағдайларды жəне Қазақстандағы агроландшафттанудағы антропогенді өзгерістерді ескеріп, ландшафттың құрылымын көрсетуші əртүрлі масштабты картографиялық бірліктердегі ландшафтты карталардағы айырмашылықтарды анықтайды.
– жердің ландшафтты сферасының ерекшеліктерін, табиғи ландшафт құрылымы мен қызмет ету негіздерін, ландшафтты дифференциация, антропогенді ландшафттану, агроландшафт ерекшеліктерін игеріп, ландшафтық дизайн аумағындағы авторлық жобалық негіздеудің негізгі принциптерін білу барысында топтық жұмыстарда және жобаларда өзін тұлға ретінде орындайды.
– Қазақстан агроландшафттарында ландшафтты тепе-теңдікті сақтау мəселелерін, сәулеттік ортаның ландшафтық комопненттерін құрудағы негізделген шығармашлылық мәселелерді жобалап құрудың әдістемелік негіздерін талдайды.
– әртүрлі иерархиялық денгейдегі рекреациялық объектілерді жобалаудың типологиялық ерекшелектерін үйрену; ландшафтық сәулет пен ландшафтық дизайн аумғындығы әлеуметтік экономикалық нормалау; ландшафтық дизайн аумағындағы авторлық жобалық негіздеудің негізгі принциптерін іс жүзінде қолданады.