B06.013

3D модельдеу және анимация

Course ID
B06.013
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Мақсаты – 3D үлгілеудің негізгі ұғымдарын қалыптастыру, 3D үлгідегі объектілердің үлгісін жасау және онымен жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру, теориялық түсініктерді меңгертумен қатар, практикалық машықтарын қалыптастыру. Пән 3D Studіo Max бағдарламасының тиімді жұмыс істеуді ұйымдастыруына бағытталған. Курста жиымдар мен қабаттар, модельдеу негіздерін, камерамен жұмысын, анимация негіздерін, түйінді және камера анимациясын қарастырылады.

Оқыту нәтижелері

компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын, 3D үлгілеуге арналған бағдарламалардың функционалдық ерекшеліктерін, 3D графиканың негізгі бағыттары мен түрлерін, 3D объектілерді құрудың, виртуалды объектілерді модельдеудің негізгі әдістерін, виртуалды әлемді анимациялау әдістерін және виртуалды әлемде шынайы графикалық бейнелер мен жарнамалық роликтер құру әдістерінің тиімділігін анықтайды; виртуалды көріністердің шынайы бейнелерін алу, бейнероликтер жасау, виртуалды шындық форматында сахналарды экспорттауды қолданады; графикалық объектінің бейнесін атрибуттары арқылы тұрғыза алады; үшөлшемді көріністерді, жеке объектілер мен сахналарды құра алады және анимацияларды жасайды. Үшөлшемді графикалық ақпараттарды өңдеу үдерісінде қолданылатын графикалық редакторларда оқушылардың жұмыс істеуі үшін қазіргі заманғы АКТ тиімділігін талдайды; информатика пәні бойынша үшөлшемді графикалық редакторларды тиімді оқытуда сабақ жоспарларын және дидактикалық таратпа материалдарын әзірлеп, жинақтайды; үшөлшемді кеңістікте әр түрлі объектілерден заттарды модельдеуде, визуализациялауда, бағдарламадағы анимация құралдарын пайдалана отырып графикалық объектілердің анимациясын құруда оқушыларды объективті бағалайды.