Мақсаты-тасымалдау тізбегін басқару және көлік түрлерінің инфрақұрылымын тиімді пайдалану саласында кәсіби қызмет дағдыларын меңгерген мамандарды даярлау. Пән көлік жүйесі элементтерінің жиынтығын жүйелендіруге арналған.
Алдыңғы қатарлы техника мен технологияны қолдануға негізделген көлік логистикасын басқарудың жалпы принциптерін, көлік-логистикалық инфрақұрылымды, жүктерді жеткізудің логистикалық технологиясының функциялары мен принциптерін қарастырады.
Курс соңында студент:
– ұйымдастырушылық жүйелердің математикалық моделдерінің барабарлығын талдайды;
– көлік логистикасын басқарудың нақты міндеттеріне модельдерді бейімдеуді жүргізеді;