Пәннің мақсаты студентерге мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін меңгерту.
Пән мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша ғылыми-теориялық көзқарастарды қалыптастыруға, дене тәрбиесі жөнінде ғылыми туралы түсініктерді дамытуға, пәннің мазмұнын ашуға бағытталған.
Курс дене тәрбиесін ұйымдастырудың формаларын, дене тәрбиесінің негізгі ұғымдарын, дене тәрбиесі құралдарын т.б. осы пәнді оқып, үйренуді қарастырады.
Дене тәрбиесінің заңдылықтарын тануға және сол негізде адам денесін жетілдірудің басқару жүйесінің маңызын түсінеді; қозғалыс дағдыларын ағзаға әсері жөніндегі эмпиризмдік білімін, дене тәрбиесінің ең алғашқы әдістерінің жасалуын қолдана алады; спорттық мамандануы спорттық-педагогикалық мәселеге ғана емес әлеуметтік, психологиялық, биологиялық мәселе екендігін ажырата алады; дене тәрбиесі теориясындағы негізгі ұғымдарын оңтайлы пайдалануға бейімділігін көрсетеді; дене тәрбиесі жүйедегі барлық құрал және мүмкіншіліктерді практикада қолданады