пәннің мақсаты қоршаған орта туралы ғылыми білімді үйрету. Пән оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, оқу-танымдық қызметке шешуші құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұны жаратылыстану пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, қағидалары мен әдістерін, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырады.
негізгі педагогикалық ұғымдарды, заңдар мен құбылыстарды біледі, қазіргі қоғамдағы педагогтың әлеуметтік мәні мен рөлі туралы түсініктерін көрсетеді; мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін, педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологияларын жіктейді, педагогтың үздіксіз кәсіби-тұлғалық қалыптастыруының факторларын талдайды; педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынасты оранта алу және өзара әрекеттестікті жүзеге асыруды түсіндіреді, оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс- әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдаудың тиімділігін бағалайды; педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастырады, сөйлеу және педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу негіздерін қалыптастырады; педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолданады, кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді болу дағдыларын көрсетеді.