Пән қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін, мобильді операциялық жүйелерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға, iOS мобильді операциялық жүйе ортасында бағдарламаларды өз бетінше құрастыруға және Мобильді қосымшаларды құруға бағытталған. Xcode интеграцияланған даму ортасының жұмыс істеу принциптері және Objective-C бағдарламалау тілінің негіздері қарастырылады.
Курс соңында студент:
– Xcode графикалық даму ортасын, IOS ОС басқаруымен мобильді құрылғы симуляторын пайдалана алады, Objective-C тілінде қосымшалар жасай алады;
– бағдарламаларды әзірлеу, жөндеу және тестілеу әдістерін қолданады, кәсіби дағдыларды кеңейту үшін негіз ретінде операциялық жүйенің қолданыстағы шешімдерін тиімді пайдаланады;
– жалпы компьютерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің дамуын қадағалайды.