пәннің мақсаты болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу мәдениетіне үйрету. Пән ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыруға қажетті теориялық білім мен практикалық дағдылармен қаруландыруға бағытталған. Пән мазмұны ғылыми-педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптарды, зерттеуді жобалау және орындау кезеңдерін, педагогикалық зерттеудің әдістер жүйесі, оларды ұтымды қолдану шарттарын қарастырады.
педагогикалық зерттеудің заманауи проблемалары мен негізгі бағыттарын атайды және түсіндіреді; зерттеу әдістемесін сипаттайды; педагогикалық зерттеудің бағдарламасын құрады; зерттеу жұмысын жобалайды, оның нәтижелерін болжайды; педагогикалық экспериментті модельдейді; зерттеудің ғылыми аппаратының компоненттерін талдайды, олардың өзара байланысын негіздейді; зерттеудің нәтижелерін талдайды; ғылыми-педагогикалық зерттеуді құрылымдайды; зерттеу әдістерін ұсынады, олардың нәтижелігін негіздейді; зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәнділігін бағалайды; педагогикалық зерттеулердің тәжірибе үшін маңыздылығын анықтайды және түсіндіреді.