Өлкенің жер бедері ерекшеліктері, геологиялық құрлысы мен тектоникалық құрылымын, табиғи ресурстарын, әлеуметтік және экономикалық жағдайын, климатын, ауыл шаруашылығын, өнеркәсібі мен пайдалы қазбалары туралы мағлұмат береді.
Пән Маңғыстауды физикалық, экономикалық аудандастырып, Каспий теңізінің туристік, логистикалық әлеуетін зерделеуге бағытталған.
Маңғыстаудың пайдалы қазбаларды, флорасы мен фаунасын, жер асты суларының орналасу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырады.
ПН1-Маңғыстау аумағының табиғатының зерттелу тарихын, табиғаттың негізгі ерекшеліктерін және облыстың жекелеген аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктерін біледі;
ПН2-Маңғыстау аймағының табиғат ерекшеліктеріне әдеби және картографиялық материалдар арқылы ол аудандардың физикалық-географиялық сипаттамасын жасайды;
ПН3-Маңғыстау табиғатын зерттелу тарихын, өлкенің этностық дамуын, тарихын және географиялық жағдайын талдайды;
ПН4-Маңғыстау облысының шекаралас елдермен сауда-саттық байланысын анықтап, облыстың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы бойынша жобалар ұсынады;.
ПН5-физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық білімді шығармашылықпен қолдану арқылы аймақтың географиялық бейнесі туралы жобалар ұсынады, Маңғыстаудың өңірлік даму моделін құрастырады;