Мақсаты- ғаламшар ретінде жер туралы, оның күн жүйесіндегі орны, жердің ішкі құрылысы мен геофизкалық өрістері туралы базалық білім беру;
Курс минералдар мен тау жыныстарын визуалды анықтау, картамен, геологиялық компаспен жұмыс жасау дағдыларын игеруге бағытталған;
Пән жер қабаттарында өтетін геологиялық үрдістер, жер қыртысының құрлысы, заманауй геотектоникалық тұжырымдар, геологиялық уақыт, стратиграфия, геохронология мәселелерін қарастырады.
ПН1-Жалпы геология бойынша негізгі түсініктерді біледі, оларды есте сақтайды және оларды қолданады Жалпы геология туралы ғылымының негізгі заңдылықтарды біледі
ПН2-Тау жыныстарынық қасиетін анықтауда кәсіптік білімді қажетті салада қолданады. Минералдардың химиялық қасиеттерін зерттеуде әдістерінің орындалу барысын талапқа сай мұқият жүргізуге дағдыланады.
ПН3-Тау жыныстарының басты түрлері – магмалық, шөгінді, метаморфты жыныстарды бір-бірінен ажыратады, тұжырымдайды.
ПН4-Далалық жағдайда жасалған зерттеу жұмысының нәтижелерін сауатты рәсімдейді, дұрыс қорытындылайды. Көп сатылы және ұзақ уақытқа созылатын оңтайландыруға қажетті іс-шараларды дұрыс ұйымдастырады.
ПН5-Картада көрсетілген жер қыртысының құрылымдық элементтеріндегі геологиялық өзгерістерді талдайды.