2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Ш. Есенов атындағы КМТИУ-де мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, дартс, шахмат және жүзуден оқытушылар мен қызметкерлер арасында спартакиада өтті.
Өткен іс-шаралардың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, оқытушылар мен қызметкерлердің дене белсенділігі, спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру және университет ішіндегі үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.
Спартакиаданың нәтижесін қорытындылау, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, марапаттау салтанатты түрде өтті.