15 мамыр күні Yessenov University және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясына өзгеше өріс, тың тыныс, рухани төңкеріс ала келген айтулы ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби танымдық кеш өтеді.
Кеште ақынның қызы Салтанат Айбергенова әкесі туралы тың деректермен бөліседі. Ақынның өмірі мен өлеңі туралы сыр шертіліп, жыр оқылады.