18 сәуір күні Yessenov University Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің (БСҚА) сараптамалық тобы білім беру бағдарламаларын 2 кластер бойынша мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өткізу жұмысын бастады. Yessenov University аккредиттеу рәсімі жалғасуда.
Оқу орынға арнайы келген сараптамалық топ жетекшісі М.И. Арпабеков, халықаралық сарапшы Ю.С. Андреев, сарапшы В.С Жамурова, жұмыс берушілер өкілі Л.Ж. Жангирханқызы, студенттер өкілі А.Н.Темірханов, сараптамалық топ үйлестірушісі Б.С.Имашова оқу орынның ішкі жағдайымен танысуда.