«Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты университетішілік апталық өткізілді.
Апталықтың мақсаты – 2020 жылы туғанына 1150 жыл толғалы отырған дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, жастарға Әл-Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау.
Апталық барысындаа университет кітапханасы қызметкерлерінің көмегімен Әл-Фараби еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Студенттері арасында «Әл-Фараби оқулары» атты ғылыми-семинар өткізілді. Шара аясында «Әл-Фараби әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, «Мен таныған Әл-Фараби» атты театрландырылған тарихи көрініске ұласты және «Әл-Фараби және Отырар өркениеті» – тақырыбы бойынша студенттер арасында сурет салудан сайыс (конкурс) өткізілді.