«Базалық» факультеттің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының оқытушысы Толепбергенова А.Б және Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенттері “Service learning” пәнінің жобасы бойынша Ақтау қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларына арнап «Спорт-денсаулық кепілі!» атты шара өткізді. Шарада дойбы, шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату.