Yessenov University-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіруге арналған конференция өтті. Шараға университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Конференцияда “Геология” кафедрасының меңгерушісі М.Табылғанов, “Теңіз академиясының” профессоры Ж.Жумаев, “Қазақстан халқы ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушысы А. Кулбаева, “Халықаралық қатынастар” кафедрасының аға оқытушысы Р. Ережепова, “Қазақ филологиясы” кафедрасының меңгерушісі А. Отарова және университет ректорының м.а. Е. Нұрмағанбет сөз алып, мақаланың әр қырына жеке-жеке тоқтала, өз ойларымен бөлісті.