Yessenov University жалпыхалықтық диктант акциясына белсенді түрде ат салысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Жалпыхалықтық диктантқа Yessenov University 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер бар.