4 мамыр күні «Экономика және құқық» факультетінде «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне арналған «Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты шара өтті. Бұл шара «Құқықтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары студенттерінің Ақтау қаласындағы «Мәңгілік от» монументіне тағзым етуден басталды. Келесі кезекте білім алушылар Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, олардың 9 мамыр Жеңіс күніне арнап дайындаған тақырыптық көрмесін тамашалады. Мұрағаттан алынған құнды мәліметтер мен сирек кездесетін суреттер білім алушылардың ерекше ықыласын тудырды.