8D07210 – «Мұнай газ ісі»

Мақсаты
Мұнай-газ ісі ең өзекті мамандықтардың бірі болып табылады. Мұнай-газ ісі көмірсутекті табиғи ресурстарды игеру бойынша білім негізінде маманданады. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық және зерттеушілік дайындықты, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, мұнай-газ кенорындарындағы проблемалардың алдын алу және жоюдың теориялық және практикалық негіздерін тереңдете оқытуды көздейді.
Нәтижелері
Когнитивті
А1 (ON1) – оқу саласы туралы фундаменталды және жүйелік түсініктерін көрсету;
– мұнайгаз ісі саласындағы зерттеу әдістерін қолдану;
– мұнайгаз ісі бағыты бойынша жаңа зерттеу әдістерін өзгерту;
Функционалды
В1(ON2) – технологиялық процестер мен объектілерді математикалық, гидродинамикалық үлгілеу саласында бағдарламалық кешендерді пайдалану;
– технологиялық процестерді есептеуді жүзеге асыру;
– технологиялық процестердің тиімділігіне болжамдық баға беру
Функционалды
В2 (ON3) – өндірістік бағдарламаларға сәйкес өндіріс барысын және кәсіпорынның негізгі қызметінің басқа да түрлерін реттеу;
– өндірістің тиімділігін арттыру үшін қолданылатын жүйелер мен технологиялық процестерді жаңғырту және жетілдіру бойынша идеяларды ұсыну
Функционалды
В3 (ON4) – аналитикалық, имитациялық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және орындау;
– компьютерлік технологияларды қолдану арқылы деректерді өңдеу және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
– орындалған зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептер, шолулар, жарияланымдар ресімдеу;
– зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жүйелеу;
Жүйелі
С1 (ON5) – мұнай-газ саласындағы экономикалық, экологиялық, әлеуметтік проблемаларды талдау;
– мұнай-газ ісі саласындағы жаңа идеялар мен бағыттарды талдау;
– мұнай өндіруді қарқындату кәсіпшілік қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
– қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістерін қолдану тиімділігін бағалауды жүргізу;
– қабаттардың мұнай беруін және газ беруін арттыру әдістерін жетілдіру бойынша идеяларды ұсыну;
Жүйелі
С2 (ON6) – жаһандану және интернализация жағдайында отандық ғылыми дамудың заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді іске асыру;
– аналитикалық, имитациялық эксперименталды зерттеулер нәтижелері бойынша қорытындылар тұжырымдау;
– технологиялық процестерді ұйымдастыру және жүргізу үшін құжаттаманы әзірлеу
Жүйелі
С3 (ON7) – өнеркәсіптік жағдайларда шикізатқа технологиялық зерттеулер жүргізуге бақылау жүргізу;
– зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу және геологиялық-геофизикалық ақпаратты қорыту;
– жаңа технологиялар мен әсер ету әдістерін қолдана отырып кен орындарын игеру процесін моделдеу;
Әлеуметтік-коммуникативті
D (ON8) – ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді қалыптастыру;
– ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешу;
– ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіптік қызметін ұйымдастыру;
-ғылыми, зертханалық және эксперименталды-зерттеулердің нәтижелерін және ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа ғылыми есептер, мақалалар тезистері, баяндамалар, докторлық диссертациялар түріндегі жетістіктерді таныстыру