8D07208 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»

Мақсаты
PhD бағдарламаның мақсаты елдің және өңірдің даму перспективаларын ескере отырып, қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал ететін Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау саласында кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктеріне ие жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.
Нәтижелері
ОН 1 Мұнай және газ геохимиясы саласындағы зерттеулерді талдайды, әр түрлі аймақтардағы бір жастағы құрылымдық бірліктердің жалпы ерекшеліктерін, артезиан бассейндерінде терең жер асты суларының қалыптасуының аймақтық заңдылықтарын белгілейді.

ОН 2 Мұнай-газдылықты болжау кезінде қолданылатын негізгі гидрогеологиялық көрсеткіштерді зерттей отырып, жер асты сулары кен орындарының қалыптасу ерекшеліктерін және жер асты суларының геохимиясы туралы күрделі идеяларды синтездейді.

ОН 3 Аймақтың геологиялық материалдарын жүйелі талдау негізінде облыс учаскелерінің қатты пайдалы қазбалардың перспективасын анықтау арқылы геологиялық мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін әзірлейді.

ОН 4 Шөгінді жыныстардың жинақталу жағдайлары мен шөгінді түзілімдердің фациалдық талдауының геологиялық мәндерін қазіргі таңдағы аналогтардың қарқынды зерттеулерімен салыстыра отырып талдайды.

ОН 5 Мұнай-газдылықты болжау кезінде қолданылатын негізгі гидрогеологиялық көрсеткіштерді зерттей отырып, жер асты сулары кен орындарының қалыптасу ерекшеліктерін және жер асты суларының геохимиясы туралы күрделі идеяларды синтездейді.

ОН 6 Ғылыми-академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасайды, ғылыми форумдарда, конференцияларда, семинарларда сөз сөйлеу және зерттеу нәтижелерін жоғары дәйексөзді, озық ұлттық және халықаралық басылымдарда жариялау арқылы дербес ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынады.

ОН 7 Типтік стратиграфиялық қималардың түріне байланысты, ғылыми-зерттеу немесе өндірістік қызмет процесінде нақты деректерді дербес талдау және шығармашылық жинақтау үшін қажетті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыра отырып, геодинамикалық зерттеулердің ерекшеліктері туралы білімін қолданады

ОН 8 Ғылыми-академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасайды, ғылыми форумдарда, конференцияларда, семинарларда сөз сөйлеу және зерттеу нәтижелерін жоғары дәйексөзді, озық ұлттық және халықаралық басылымдарда жариялау арқылы дербес ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынады.