7М01503-«Информатика» білім беру бағдарламасы ғылыми-әдістемелік және басқару қызметінде электрондық білім ресурстарын құру және қолдану үшін қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, педагогикалық қызметтің заманауи технологияларын меңгеру, информатика саласында жүйеленген білім кешені мен әдіснамалық базаны меңгеру, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында оқу және ғылыми қызметті жоспарлау және жүзеге асыру қызметтерін ұсына отырып, Университеттің миссиясын, саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.
– ғылыми зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздейді, ғылыми жарияланымдар дайындайды;
– мультимедиялық және желілік технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім беру қызметін ақпараттандырудың қазіргі заманғы құралдарын әзірлейді;
– объектілі-бағытталған, жүйелік бағдарламалаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, күрделілігі әр түрлі деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді;
– білім беру сатыларында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын, оқытудың интерактивті әдістерін қолданады.
– Орта мектеп мұғалімі.
– Мұғалім зерттеуші.
– Колледж мұғалімі.
– ЖОО оқытушысы.
– Білім берудегі менеджер.
– Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары.
– Мекеме басшысы.