Electrical Power Engineering

Мазмұны

6В07106 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының мақсаты – жеке және кәсіби қасиеттерді қалыптастыру және студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін заманауи білім беру технологиялары мен білім беру әдістерінің жиынтығы негізінде энергетика саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды жан-жақты және сапалы даярлау. Бұл саладағы адамның негізгі міндеті энергия ресурстарын дұрыс, қауіпсіз және функционалды бөлуді бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ, маман электр энергиясын өндіруге немесе пайдалануға арналған әртүрлі құрылғыларды немесе жүйелерді жасауға қатыса алады.

Дағдылар

– Электр жабдықтар цехының жұмысын жедел басқаруды жүзеге асыру;
– Электр жабдықтар цехын қауіпсіз пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету;
– Жабдықтарды тексеру, сынау және профилактикалық қызмет көрсету жоспарларын (кестелерін) жасау;
– Жабдықтың үздіксіз және техникалық дұрыс жұмыс істеуін және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
– Жабдықтар мен құрылғылардың техникалық жағдайын бақылау;
– Электр жабдықтары цехының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқару;
– Электр жабдықтары цехындағы жабдықтарының үздіксіз және техникалық дұрыс және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
– Электр жабдықтары цехындағы негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
– Электр жабдықтары цехында технологиялық, өндірістік тәртіптің және қауіпсіз жұмыс жағдайларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

Басты қызметтер

– электр энергиясын тарату бойынша инженер-электрик,
– электр энергиясын есептеу және бөлу жөніндегі инженері,
– цех бастығы (электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу бойынша), өндірістік зертхана бастығы (электротехникалық),
– пайдалану жөніндегі орынбасары,
– жөндеу жөніндегі орынбасары,
– инженер-электрик,
– инженер-энергетик,
– электротехникалық өлшеу жөніндегі инженері,

Пайдалы сілтемелер

Бөлімнің байланыс ақпараты

Electrical Power Engineering

Жұм. кестесі: 09:00 – 18:00