Білім беру бағдарламасы өнеркәсіптің түрлі салалары үшін қажетті өнімдерге органикалық заттарды өндіру және қайта өңдеудің қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз химиялық технологияларын құруға қабілетті, терең кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті химик-технологтарды дайындаудың жетекші бағыты болып табылады. Осы бағдарламаны табысты аяқтау сізге химия, мұнай – химия, мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен мамандандырылған химиялық зертханалардың талаптары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби қызметке қажетті білім, практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
• өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технологиялық процестерді әзірлеу мүмкіндігі мақсатында бастапқы шикізаттың құрамы мен қасиеттерін бағалау;
• мұнай және мұнай өнімдеріне зертханалық талдау жүргізу; органикалық қосылыстарды синтездеу; заттардың сапалық және сандық құрамын, физика-химиялық қасиеттерін анықтау;
• мұнай мен газды өңдеудің жаңа технологиялық сызбаларын жобалау мен қолданыстағыларын жаңарту;
• қондырғылардың технологиялық есептеулерін жүргізу;
• технологиялық үдерісті бақылау мен басқаруды, жабдықтарды, аспаптар мен автоматтандыру құралдарын таңдауды ұйымдастыру.
• инженер-технолог, инженер-мұнайхимик, инженер-химик;
• мұнай және газды өңдеу шебері, қондырғы бастығы, өндіріс бойынша ауысым шебері;
• диспетчер, технологиялық қондырғылардың операторы, химия өндірісіндегі қашықтан басқару пультінің операторы;
• аппаратшы;
• компрессорлы құрылғылар машинисті, технологиялық сорғылар машинисті;
• химиялық талдау зертханашысы.