Eсептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету

Мазмұны

ББ іске асыру есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында, аппараттық-бағдарламалық кешендерді тиімді іске асыру үшін есептеу техникасы мен бағдарламалау құралдарын қолдануға, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің компоненттерін жасауға, кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құруға және зерттеуге, аппараттық және бағдарламалық құралдарды жинақтауды жүзеге асыруға, есептеу жүйелері мен желілерін жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді баптауға және оларға қызмет көрсетуге қабілетті, мамандарды даярлауға бағытталған.

Дағдылар

– операциялық және ақпараттық жүйелерді жобалау және пайдалану;
– операциялық және ақпараттық жүйелерді пайдалану;
– жүйелер мен желілерді әкімшілендіру;
– ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу;
– жүйелерді тестілеу;
– бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету;
– бағдарламалық қамтамасыз етуді сипаттау және сүйемелдеу үшін техникалық құжаттаманы жасау;
– кәсіби және тұлғалық өсу үшін өзін-өзі талдау және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын меңгеру.

Басты қызметтер

– бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы;
– деректер қорының администраторы;
– жүйелік және желілік әкімшілендіру жөніндегі маман (жүйелік әкімгер);
– жүйелік сәулетші;
– бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші;
– техник-бағдарламалаушы;
– инженер-бағдарламалаушы.

Пайдалы сілтемелер

Бөлімнің байланыс ақпараты

Eсептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету

Жұм. кестесі: 09:00 – 18:00