6В01705-«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптарына сай, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.
Оқылатын тілдер аясындағы мамандарды даярлау және қалыптастыру.
Еуропа стандарт талаптарына сәйкес келетін негізгі шет тілінде оқыту.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша академиялық мақсаттар үшін шет тілін оқыту және білу.
Өз мамандығының аясында арнайы мақсатта шет тілін меңгеру.
Тіл мен мәдениеттің өзара тығыз байланысында оқу мазмұнын қалыптастыру.
Білім беру үдерісін дайындау және іске асыру үшін заманауи техникамен, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын сенімді меңгеру;
Кәсіптік қызмет объектілеріне сәйкес білім беру ұйымдарында шет тілдерін оқыту;
Шет тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізу;
Шет тілі құралдарымен тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
Шетел тілдерін оқытудың әдістері мен технологияларын жетілдіру;
Оқу орнының қызметін басқару;
Кәсіби және тұлғалық өсу үшін өзін-өзі талдау және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын меңгеру.
«6В01705 – Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
1. Білім беру;
2. Ұйымдастыру-басқарушылық;
3. Әлеуметтік-педагогикалық;
4. Оқу-тәрбие;
5. Оқу-технологиялық;
6. Ғылыми-әдістемелік;
7. Әлеуметтік-педагогикалық;
8. Тәрбиелік;
9. Мәдени-ағартушылық;
10. Басқарушылық.