Химия

6В01504 – Химия білім беру бағдарламасы Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсына отырып, Университеттің миссиясын, саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.
6В01504 – «Химия» білім беру бағдарламасы мамандық түлегіне қажетті негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға жаңа көзқарасты ұсынады. Білім беру бағдарламасы оқытушылық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-технологиялық, өндірістік-басқару, тәрбие, мәдени-ағартушылық жұмыстарды орындау саласында мамандарды даярлауға бағытталған.

Дағдылар

• оқушыларды заттар мен химиялық құбылыстардың көптүрлілігі мен бірлігімен, олардың адам өміріндегі маңызымен таныстыру;
• химияға қызығушылықты қалыптастыру және дамыту; білім, білік, дағды және пәндік құзыреттілік;
• алынған ақпаратты сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
• зертханалық эксперименттерді практикалық көрсету;
• осы сыныпта жұмыс істейтін оқушылар ұжымымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынас орнату;
• оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

Басты қызметтер

• орта және кәсіптік білім беру мекемелерінің химия мұғалімі;
• әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың маманы (білім бөлімдері, әкімдіктер, химиялық бағыттағы зертханалар);
• түрлі ғылыми және ғылыми-өндірістік мекемелердегі бейіндік пәндер бойынша ғылыми қызметкер;
• білім беру ұйымының оқу бөлімінің меңгерушісі;
• білім бөлімінің бастығы;
• оқу-тәрбие мекемелері мен білім беру ұйымдарындағы үйірме жетекшісі;
• білім беру ұйымының директоры.