2021 жылдың 23 желтоқсан күні Yessenov University, «Ғылым және технологиялар» факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасына Visiting Professor бағдарламасы аясында National Aviation University (Kiev, Ukraine) арнайы шақыртылған 250-ден астам ғылыми жарияланымы бар, оның 73-і жоғары рейтингті журналдарда рецензияланған (Хирш индексі – 16) т.ғ.д., профессор Hnatiuk Serhii келді.
Украиналық профессордың білімі мен дағдыларын тиімді пайдалану мақсатында «киберқауіпсіздік», «криптография», «мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі», «компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздігі» бағытында университет ғалымдарымен бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланды.
Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамына «Кибергигиена пользователей информационно-коммуникационных систем и сетей» атты біліктілікті арттыру мақсатында курс өткізу және кафедранын бакалавр және магистратура бағыты бойынша білім алушыларына дәріс оқу, магистрлік диссертацияларына кеңес беру туралы талқыланды.
Профессор Hnatiuk Serhii университетте 2022 жылдың 02 ақпанына дейін болады. Осы уақытты тиімді пайдаланып, тиісті мамандық білі алушыларына кеңес сұрауға мүмкіндік бар.