Бүгін 14-наурыз Амал мерекесі-көрісу күні! Осындай ұлыстың ұлы күнінде тәрбиелік мән-мағынасы зор, ұлттық салт-дәстүрге бай, дәстүрлердің жаңғыруы мен даму жолындағы барша Маңғыстаулық ағайынды келіп жеткен мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келді, жыл келді. Бұл мейрам – біздің халықтық достығымызды нығайтатын бірден-бір мереке. Ренжіскенді татуластыратын, жабыққанды қуантатын, мейірімге толы, үлкенге ізет, кішіге ілтипат жасап, ақ бата алатын ұлықты мейрам!
Осындай көрісу күнінде, әлемдегі орын алып жатқан өкінішті жағдайды ескеріп қол алысып, төс қағыстырып көрісе алмасақ та, сіздерге деген ақ пейіліміз бен жүректегі шын қуанышымызды үлкен сәлеммен жолдаймын!
Амалдан амалға амандық, жақсылық, жоғары жетістіктермен бірге жете берейік! Наурыз береке болып еніп, әр шаңыраққа құт болып дарысын!