29 мамыр күні Yessenov University-де Облысымыздағы Достық үйінің «Елтану» жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтау қалалық мәслихаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Маңғыстау облыстық білім бөлімі және Аманат, Халық Ауыл партияларының ұйымдастыруымен «Өлкеңнің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шара соңында партиялар атынан Балалар ауылы балаларына тәттілермен сусындар таратылып,өнер көрсеткен мектептерді алғыс хатпен марапатталды.
Осы бақытқа толы қуанышты күнде жас қазақстандықтарға шын жүректен зор денсаулық, тамаша көңіл-күй, жетістіктер мен жеңістер, игі тілектердің орындалуын және жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілейміз!