Әскери кафедрада оқу-жаттығу жиындары басталды!

2024 жылдың 3 маусымында Yessenov University әскери кафедрасының базасында офицерлік және запастағы старшиналар бағдарлама бойынша оқудың толық курсын аяқтаған студенттермен оқу-жаттығу жиындары басталды. Оқу-жаттығу жиындарының басталуына арналған салтанатты жиын дәстүр бойынша Әскери-теңіз күштерінің Жауынгерлік Тудың кірүімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды. Кездесуде құттықтау сөз сөйлеген әскери кафедра бастығы, 2-дәрежелі запастағы капитан Қ.Тюлебаев. Келесі кезекте курсанттарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Ақтау гарнизоны бастығының оқу-жаттығу жиындарына бару туралы бұйрықтарының талаптары жеткізілді.

Оқу-жаттығу жиынында әскери кафедра курсанттары атыс қаруы мен әскери техниканы ату нормативтері, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу жаттығуларын орындайды.

Оқу-жаттығу жиыны ағымдағы жылдың шілде айында кешенді емтихан тапсыру және Әскери ант қабылдаумен аяқталады. Оқу-жаттығу жиынын аяқтағандарға жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін запастағы лейтенант әскери атағы беріледі.