Әбіш Кекілбаев шығармашылығы қоғамдық сананың жаңғыруы контексінде

«ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ КОНТЕКСІНДЕ»

Жоба жетекшісі: Қабылов Әділет Дыбысұлы

Жоба мерзімі:

2023-2025 жж.

Қаржыландыру сомасы:

67524,967 мың теңге

Жоба мақсаты:

Ә.Кекілбаев шығармашылығын жүйелі қарастырып, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін пайымдау арқылы монография мен оқу құралын әзірлеу. Қаламгердің көркем шығармаларының жанрлық сипаты, тақырыптық-идеялық бағдары мен көркемдік ерекшеліктерін әдеби-теориялық тұрғыдан пайымдау. Жазушының көркемдік әлемінің табиғатын, даралық стиль қырларын, поэтикалық шеберлігін ғылыми дәйектеу. Жазушының әдеби мұрасының қоғамдық жаңғыру жағдайындағы танымдық және тәрбиелік мәнін әдеби-теориялық тұрғыдан негіздеу.

Ғылыми жаңалығы:

Ғылыми зерттеу нәтижесінде Ә.Кекілбаев шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, поэзиялық, прозалық, драматургиялық және публицистикалық шығармаларының жанрлық құрылымы мен поэтикалық ерекшеліктері сипатталады. Шығармаларының түрлі жанрларында жинақталған шындықты бейнелеу принциптерінің ерекшеліктері зерделенеді. «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдарына, әңгімелері мен повестеріне, сондай-ақ поэзиялық шығармалары мен драматургиясына әдеби-көркемдік тұрғыдан жан-жақты талдау жасалып, олардың жанрлық-стильдік ерекшеліктері, бейнелеу принциптері мен формалары, көркем туындыда жинақталатын дүние бейнесі мен адам образдары пайымдалады. Жазушының өзіне дейінгі отандық және әлемдік әдеби дәстүрлерді меңгеруі мен дамытудағы ізденістері, замандас жазушылар шығармашылығымен сабақтастығы айқындалып, жазушының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі орнына баға беріледі. Жазушы шығармаларын оқытудың мазмұндық-әдіснамалық негіздемесі ұсынылады.

Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары

Зерттеу тобы

Жарияланған мақалалар тізімі