29 сәуір күні Yessenov University Геология ғылымдары мен мамандықтарымен байланысты мамандар күніне және Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Қиын өндірілетін көмірсутекті кен орындарды игерудің геологиялық және технологиялық аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференция бағытына Кушаков Абдулла Романович, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент, “Геология” кафедрасының меңгерушісі, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Келбет Алмагүл Салихолақызы, “ Батысқазжерқойнауы” Өңіраралық Департаменті Маңғыстау өңірлік инспекция басшысы, Мурунов Турегали Даутбаевич, “Khazar Global Logistics Company” ЖШС техникалық директоры, Гавашелишвили Автандил Акакиевич, “Маңғыстау-Геология” ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС директоры, Пиривердиев Игорь Анатольевич, Азербайджан Ұлттық ғылым академиясының докторанты, Нугманов Бекболат Хасанулы, «КМГ Инжиниринг КазНИПИмунайгаз» ЖШС Геология және геофизика бойынша басқарушы директоры және басқа да спикерлер атсалысты.
Конференция барысында спикерлер геология, гидрогеология мен мұнай-газ өндіру саласындағы жаңа әзірлемелермен танысты, су көзін табу мен қайта пайдаланудың экологиялық және экономикалық тиімділікті негіздеу тәжірибесімен алмасты.