Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз құтты болсын!
Мейірім мен ізгіліктің, достық пен махаббаттың, барлық тың істердің бастауы болған, бірлік пен ынтымақтың арқауы болған әз Наурыз – татулықтың мерекесі.
Наурыз айын Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы деп білеміз.
Халқымызда “басы ащы болса,соңы тәтті болады” деген сөз бар. Белгілі бір себептермен, биыл алғашқы рет Ұлы мейрамды салтанатты іс-шараларсыз өткізсек те, шуақты көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды. Қазақтың беріктігі мен бірлігі кез келген басталған істің соңын тәтті қыла алатыны сөзсіз!
Әрбір шаңыраққа береке, әрбір күндеріңіз мереке болуын тілеймін! Әрбір отбасы лайым жылылық пен жақсылықтың шуағына бөленсін! Ақ мол, жыл ырысты болсын!