Әзірбайжанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесулер

Yessenov University делегациясының Әзірбайжанға сапары аясында бірқатар маңызды кездесулер өтті.

Университет делегациясы Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Джафар Джафаровпен және Әзірбайжан туризм және менеджмент университетінің ректоры, профессор Ильхам Мадатовпен кездесіп, білім беру және ғылым саласындағы өзара серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесулер барысында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқытушылар мен магистранттарға арналған ғылыми тағылымдамалар өткізу мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ, педагогика және туризм саласында екі дипломды бағдарламаларды іске қосу мәселесі қозғалды.

Yessenov University мен Әзірбайжанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы серіктестіктің тереңдеуі екі елдің жоғары білім беру жүйелерінің өзара тәжірибе алмасуына және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал ететін болады.

Yessenov University халықаралық әріптестікті одан әрі нығайтып, студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.