Ғылыми кеңестер

Зерттеу кеңес

Зерттеу кеңес (ЗК) – университеттің ғылыми-инновациялық қызметін қалыптастыру және оны практикалық іске асыру саласындағы алқалы кеңес беру органы болып табылады. ЗК құрамы ұжымның жалпы жиналысында 3 жылға сайланады. Зерттеу кеңестің төрағасы ретінде зерттеу және даму жөніндегі вице-президент сайланады.

ЗК университеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің перспективалық бағыттарын анықтайды, университеттің ғылыми қызметін жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныс әзірлейді, ғылыми және білім беру қызметінің интеграциясының тиімді нысандарын, олардың мамандар даярлаудағы ғылыми іс-әрекетке әсерін анықтайды, ғылыми-техникалық және халықаралық саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Университеттің инновациялық дамуы, ғылыми кадрларды даярлауға және профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми біліктілігін арттыруға көмектеседі.

ЗК негізгі міндеттері

  • Университет үшін ғылыми, ғылыми және техникалық қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау, олардың мамандар даярлау профиліне және білім беру бағдарламаларына сәйкестігін тексеру;
  • Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында алынған нәтижелерді қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді, ғылым, техника мен технологияның дамуына үлес қосатын, ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті студенттер, докторанттар мен жас ғалымдарды тарту;
  • Ғылыми және білім берудің интеграциясының тиімді формаларын және ғылыми іс-әрекеттің оқыту сапасына әсерін анықтау;
  • Университетте өткізілген ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін талдау және бағалау, университет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін анализдеу;
  • Университет миссиясының ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін бағалауға қатысу және критерийлерді әзірлеу және оның оқу-тәрбие үрдісімен байланысты нығайту;
  • Қызмет салаларының атауын жақсартуға бағытталған тиісті ұсыныстарды әзірлеу;
  • Университеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық жобалар мәселелерін қарастыру, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі айқындаған Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттарын іске асыруды орындау;
  • Университеттің Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекеттік және техникалық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруда басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесуін қарастыру;
  • Университеттің ғылыми және жобалық жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды зерттеу және оны әзірлеу;
  • Университеттің ғылыми, техникалық және инновациялық дамуы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал ету;
  • Университеттің ғылыми, ғылыми және технологиялық инновациялық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Ғылыми кадрларды даярлауға және профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми біліктілігін арттыруға ықпал ету;
  • Ғылыми-техникалық біліктілік бойынша жыл сайынғы есеп беру.

Жас Ғалымдар Кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі қызметінің мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-кәсіптік өсуін жандандыру, оларды өзекті ғылыми мәселелерді шешуге және жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту бойынша басым ғылыми бағыттарын анықтап оларды біріктіру болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін ЖҒК келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  • Yessenov University факультеттеріндегі жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру қызметін үйлестіреді және жас ғалымдарға конференциялар ұйымдастыру мен ғылыми тағлымдамалар өтуіне қажетті көмек көрсетеді;
  • ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және Қазақстан мен шетелдің басқа ғылыми және білім беру орталықтарының жетекші ғалымдарының лекция циклдерін ұйымдастырады, сонымен қатар басқа да жас ғалымдар қатыса алатын іс-шараларды өткізеді;
  • қазіргі заманғы ғылымның өзекті және практикалық маңызды міндеттерді шешуге бағытталған жас ғалымдар арасында пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдармен тікелей байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
  • жас ғалымдарға қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүзеге асыратын зерттеулер мен іс-шаралар туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жас ғалымдардың инновациялық қызметін туралы қолдау мен оларды ынталандыру бойынша жас ғалымдардың инвестициялық бағдарламалары мен жобалық ұсыныстарына байланысты іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • Халықаралық, өңіраралық, өңірлік және басқа да жобалар мен бағдарламаларға қатысады;
  • университет студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
  • Yessenov University жоспарына сәйкес университеттің кәсіптік бағдарлауын жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жас ғалымдар кеңесі туралы ережеге қайшы келмейтін және қойылған мақсаттарға жауап беретін басқа да іс-шараларды жүзеге асырады;
  • өз қызметі туралы ақпарат пен жылдық есеп береді.