Жаныңда жүр жақсы адам

«Қаржы» кафедрасының және «Сымбат» клубының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбындағы шараға Алтын алқа иегері, Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Маңғыстау мұнайының ашылуына еңбегі сіңген ардагер ана Дәрі Тоғжановамен кездесу өткізілді. Қонағымыз өзінің еңбек жолы мен абыройлы аналық өмірінен сыр шертіп жастарды сабырлы болуға, шыдамдылыққа, парасатты болуға шақырды.