Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы және С. Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісім Маңғыстау облысында денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық сақтау» Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қол қойылды.

Ынтымақтастық С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Yessenov University-де  ҚазҰМУ-нің медициналық факультетін ашуды көздейді. Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, филиалды қыркүйек айында  ашу жоспарланып отыр. Студенттерге Маңғыстау облыстық ауруханасы мен облыстық перинаталды орталық клиникалық базаны қамтамасыз етеді», – деді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

 

 

⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀