Университетішілік пәндік олимпиада

Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1-3-курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар үй тапсырмасымен таныстырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетсе, екінші кезеңде эссе жазды, сондай-ақ студенттер қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тест сұрақтарына жауап берді.

Олимпиада нәтижесі бойынша орындар былайша бөлінді: «Дос-star» тобы І орынға ие болса, ІІ орын – «Jastar», ІІІ орын – «Алаш» топтарына берілді. Студенттер арасынан жеңімпаз деп танылған студенттер Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға жолдама алды.