«Бизнес және құқық» факультетінде «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «THE BEST GROUP» атты іс-шара өткізілді. Сайысқа факультеттің 3-4 курс студенттері қатысты.

Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат: студенттердің кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке жетуде қызығушылығын арттыру, студенттік топтар ұжымдарының біріктірілуі, үлгерімін жақсартуға және ғылыми, қоғамдық, мәдени-бұқаралық және спорттық қызметте студенттердің мотивациясын арттыру.