Темекінің зияндығы

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» және «Эврика» интеллектуалды дебат клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері» атты тақырыпта дебат өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – темекінің адам өміріне зиянды екенін түсіндіре отырып, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екендігін түсіндіру.
Дебатқа «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері қатысып Жақсылықова Лиза «Үздік спикер» номинациясына ие болды.