Yessenov University студенттері арасында «Жастар шығармашылығы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Talent Show» байқауы өз мәресіне жетті.

Yessenov University студенттері арасында «Жастар шығармашылығы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Talent Show» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқау жастардың рухани мәдениеті мен шығармашылығын дамыту, дарынды орындаушылар мен жас таланттарды анықтау, қолдау мақсатында студент жастар арасында өткізілді. Мерекелік шараға әділ қазылар алқасы ретінде облыстың танымал тұлғалары шақырылды.
«Talent Show» байқауында студенттік топтар мен жеке орындаушылар музыкалық аспапта ойнау, дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, хореография, вокалды-аспапты өнер, конферансье жанрлары бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынасты.
Университетіміздің талантты жастары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Келесі нені оқу керек: